Кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілдері сайлаушылармен жүздесті

ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Б. Нұрымбетовтың Алматы облысындағы іс-сапары Қапшағай қаласында жалғасын тапты.

Жұмыс барысында қала тұрғындарымен, қаланың еңбек ұжымдарымен, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен кездесті. Кездесу барысында
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, 9 маусымда бірауыздан сайлауға қатысуды шақырды. Сондай-ақ азаматтардың жеке сұрақтарына жауап беріп, ҚР Кәсіподақтар федерациясының атқарып жатқан жұмысына тоқталып өтті.