«Кәсіподақ ұйымы – ұжым ұйтқысы»

Осындай ұранмен 4 маусым күні Түпқараған аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрайымы, ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховтың сенімді өкілі Еңсегенова Ләззат Түпқараған ауданына қарасты, Сайын ауылды мекенінің бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Сенімді өкіл бастауыш ұйымдардың мүшелеріне кәсіподақтардан ұсынылған үміткердің өмірбаянымен және сайлауалды тұғырнамасын таныстырып, онда көтерілген еңбек мәселелері туралы баяндады. Қатысушылар сайлауалды тұғырнама бойынша оң пікірлерін білдірді және алдағы сайлауға белсенді түрде қатысатындықтарын жеткізді. Жиынға 20-дан астам адам қатысты.