Медицина қызметкерлерімен сайлауалды кездесу

Бүгін 4 маусымда  Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың Жамбыл облыстық қоғамдық штаб мүшелері Тараз қалалық перинаталдық орталығы ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесуде сөз сөйлеген штаб мүшесі – сенімді өкіл Е.Сатыбалдиев еңбек ұжымын, яғни кәсіподақ мүшелеріне  кандидаттың өмірбаянын айта келе сайлау алды тұғырнамасымен таныстырды және осындай сайлау науқанында азаматтық белсенділік танытып, қолдау көрсетуге шақырды. Жалпы қырық адам қатысқан жиында кандидат А.Таспиховтың үгіт-насихат материалдары таратылды.