Сайлауалды науқан қызып тұр

Бүгін 4 маусымда Жамбыл ауданы, Аса ауылында орналасқан Жамбыл аудандық кітапхана ұжымымен кездесу өтті.

Сайлауалды кездесуде кітапхана жұмысшыларына ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың сенімді өкілі Жанна Алшынбаева кітапхана ұжымына Кәсіподақтардың бұл сайлауға қатысу себебіне тоқталып, кандидаттың сайлаулады бағдарламасында қамтылған бірқатар өзекті мәселелерді кеңінен түсіндіріп берді.

Кандидаттың тұғырнамасында орын тапқан лайықты еңбекақы төлеу, жұмысшылардың еңбек құқын қамтамасыз ету, жауапсыз жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру мәселелері кітапхана ұжымы тарапынан қолдау тапты.