ШЫМКЕНТТІКТЕРГЕ ҮГІТ-НАСИХАТ ПАРАҚШАЛАРЫ ТАРАТЫЛДЫ

«Келешек» жастар қанатының мүшелері сайлау науқанына қызу кіріскен.

Бүгін белсенділер халыққа насихат парақшалары мен ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың сайлауалды бағдарламасы бар кітапшаларын таратты. Шымшаһардағы орталық саябақ, алаңдар мен, аллеяларды аралап, темір жол вокзалы, сауда орталықтары сияқты халық көп шоғырланған орындарда азаматтарды сайлауалды материалдармен таныстырды. Алда келе жатқан Президент сайлауының маңыздылығына тоқталған қыз-жігіттер азаматтарды саяси додадан тыс қалмай, белсенді болуға шақырды.

Үміткер А.Таспиховтың тұғырнамасын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын белсене атқарды.