ШЫҰ БАҚЫЛАУШЫЛАРЫ ШТАБ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шаңқай ынтымақтастық ұйымы халықаралық бақылаушылары ҚР Президенті А.Таспиховтың Түркістан облысы, Шымкент қаласы бойынша қоғамдық аймақтық штабының жұмысымен танысты. Кандидаттың сенімді өкілдері халықаралық бақылаушылар тобымен кездесті. Жиын барысында штаб басшысы Берік Бекжанов елімізде өтетін кезекті Президент сайлауының өткізілуіне бей-жай қарай алмайтын бақылаушыларға алғысын білдіріп, сайлауалды шаралардың барысын жеткізді. Штаб төрағасы кандидаттың тұғырнамасын таратып айтып, еліміздегі ең ірі ұйым-кәсіподақтың қызметіне тоқталды. Берік Айдарбекұлы халықаралық бақылаушы Сергей Сметанниковқа «Профсоюзы: теория и практика» кітабын сыйға тартты.

Онымен қоса Сергей Сметанников жергілікті халықтың саяи белсенділігін тілге тиек етіп, азамттардың билікке сенімділігігінің жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ штабтың сайлау қарсаңында атқарып жатқан үгіт-насихат шараларына жоғары бағасын берді. Әсіресе, штаб жұмысына, ғимараттың жабдықталуына, үгіт-насихат парақшаларының жіті таратылуына, жылжымалы қоғамдық қабылдаудың жасақтауына тәнті болды.