ЭНЕРГОСЕРВИС ​ЖҰМЫСКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін, 4 маусымда ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың Қызылорда облысы бойынша өңірлік штаб басшысы, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сермағамбетов, штаб басшысы орынбасары Марат Бәйімбетов Энергосервис еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ұжымымен кездесті.​ Қызылорда қаласы мен ауылдары тұрғындарына электр қуатын жеткізуші кәсіпорында қазірде 150 ден астам жұмыскер еңбек етеді. Кездесу барысында С.Сермағамбетов ұжымды кәсіподақтардан ҚР Президенттігіне ұсынылған кандидат Амангелді Таспиховтың өмірбаяны мен тұғырнамасымен таныстырды. Облыстық кәсіподақтар көшбасшысымен жұмыскерлерге кәсіподақтар қозғалысы, жұмыс бағыттары, негізгі міндеттері мен мақсаттары түсіндірілді.

Сонымен қатар, сайлауалды кездесу аясында С.Сермағамбетов кәсіпорын жұмыскерлеріне кәсіподақ ұйымын құру туралы ұсыныстарын білдірді. ​ Еңбек ұжымына бастауыш кәсіподақ ұйымының құрылу тәртібі туралы түсіндірме жасалып, сұрақтарға жауаптар берілді. Жұмыскерлер кәсіподақ ұйымын құру мәселесін бір ауыздан қолдап, зор қызығушылық танытты. Бұл бастаманы кәсіпорын басшылығы да қолдап, ұйымның кәсіподақтар түсіндірмелері нәтижесімен «YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің қазақстандық салалық​ кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігіне​ мүшелік ұйым болуына қызығушылық білдірді.

Президенттікке үміткер А.Таспиховтың тұғырнамасындағы негізгі еңбек қатынастары бойынша басымдықтар жұмыскерлер тарапынан қолдау тапты. Кездесуге 40 жұмыскер қатысты, қатысушыларға үгіт-насихат материалдары таратылды.