Қоғамдық қабылдау: оң нәтиже көп

2019 жылғы 4 маусым күні Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы атынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың Павлодар аймақтық қоғамдық штабында кезекті азаматтарды қабылдау өтті.

Бүгін қабылдауды сенімді тұлға, «Павлодарпрофсервис» ЖШС бас бухгалтері Бакароглу Надежда Николаевна өткізді. Қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгінгендердің бірі сайлаушы жұмыс орнындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы сұрақтармен жүгінді. Сонымен қатар, өтініш берушілерді ұжымдық шарттардың сапасы мен орындалу мәселелері толғандырды.

Естеріңізге сала кетейік, сенімді тұлғалардың сайлаушыларды күн сайын қабылдауынан басқа, Павлодар облысы азаматтарының ыңғайлылығы үшін облыстық Кәсіподақтар үйінде сайлаушылардың сұрақтары мен өтініштерін жинауға арналған жәшік орнатылған, тұрақты түрде 8-708-466-70-11, 66-70-11 ыстық желі телефондары жұмыс істейді.