Үгіт – насихат жұмыстары жалғасуда

Ағымдағы жылғы 3 маусымда Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың сенімді өкілдері сайлауалды іс-сапармен Тайынша ауданында болды.

Мемлекеттік, банк қызметкерлері және әлеуметтік қызмет көрсету салалық кәсіподағының төрағасы Т. Әбілмәжінов Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету және «Надежда» қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында, қатысушыларды А.С. Таспиховтың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, алдағы сайлауға қатыса отырып, Республикадағы ең ірі қоғамдық бірлестіктерінің алға қоятын мақсаттары мен міндеттері туралы айтып өтті.

Кездесу қатысушыларға үміткердің өмірбаянын және тұғырнамасын түсіндірумен жалғасты. Қызметкерлердің еңбегіне әділ еңбекақы беру қажеттілігі, жұмыс берушінің әлеуметтік жауапкершілігін күшейту, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және жергілікті деңгейде әлеуметтік әріптестікті дамыту сияқты мәселерді ерекше атап өтті. Үміткердің сайлауалды тұғырнамасында айтылған негізгі мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасу болды.