Еңбек ұжымдарымен кездесу жалғасуда

4 маусым күні Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілі Атырау облысы салалық кәсіподақ филиалының төрағасы Абилов Шыңғыс Ғазизұлы үгіт насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында «Атырау облысы Полиция департаменті емханасы бар госпиталі “РММ ұжымының қызметкерлерімен кездесіп, үміткердің сайлауалды Тұғырнамасының негізгі бағыттарымен, өмірбаянымен таныстырды.

Кездесу барысында қойылған сауалдарға жауап беріліп, 2019 жылғы 9 маусым күні барлық азаматтар мен азаматшалар өз таңдауларын жасап Сайлауға қатынасуларын, сонымен қатар,Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары атынан үміткер кандидат Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховқа дауыс беруге шақырды.