Аралдық ақ халаттылар А.Таспиховтың тұғырнамасымен танысты

Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспиховтың үгіт-насихат материалдары Қызылорда облысы Арал аудандық емхана қызметкерлеріне таратылды.

Емхана ұжымы кәсіподақтардан ұсынылған кандидаттың өмірбаяны мен сайлауалды тұғырнамасымен танысты. Тұғырнама тезистерінде айтылған өзекті еңбек мәселелері, әсіресе медицина қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру туралы ұсыныс қызу қолдауға ие болды. Сонымен қатар, қызметкерлерді жастардың тегін білім алуы, еңбек нарығына қажетті мамандардың даярлануы мәселелері қызықтырды.