АРХИВ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша қоғамдық аймақтық штабы өкілдері үгіт-насихат шаралын ұйымдастыруда түрлі еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізуде.

“Мемлекеттік, банк және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы”қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалы және Шымкент қалалық филиалының төрайымы, кандидаттың сенімді өкілі Күлдар Есебаева насиxат жұмыстарын жүргізу үшін Шымкент қалалық Мемлекеттік арxивінің кызметкерлерімен кездесті. Сенімді өкіл үміткердің ұсыныс-пікірі, бағыт-бағдары көрсетілген оның сайлауалды бағдарламасын және өмірбаянын таныстырды.

Мекеме басшысы Айжамал Амангелдиева бағдарлама бағыттарына тоқталып, әсіресе А.Таспиховтың “бюджеттік сала қызметкерлерінің базалық еңбекақысын төменгі еңбекақы мөлшеріне дейін жеткізу жене барлық жұмыскерлердің еңбекақысын көтеру, жоғары білімді тегін алу, еңбек қауіпсіздігін жақсарту үшін жасалынатын жұмыстарды сараптап берді. Кандидаттың сенімді өкілі кезекті сайлаудың ерекешелігін ескере отырып, сайлау күні өз таңдауларын жасауға шақырды. Кандидаттың еңбеккер құқы мен мүддесін қорғаудағы ұстанымдарына жеке-жеке тоталды. Еңбек қауіпісіздігі, еңбек миграциясы мәселеріне қатысты үміткердің ой-пікірлерін жеткізді.

Күлдар Есебаева сайлауалды тұғырнамамен таныстырып болған соң сайлаушалыр тарапынан түскен сауалдарға жауап берді.