Аудандарда үгіт-насихат жалғасуда

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың Жамбыл облыстық қоғамдық штаб мүшелерінің аудандардағы сайлаушылармен кездесулері жалғасып келеді. Бүгін сондай басқосулардың бірі Шу ауданында өтті.

Кандидаттың сенімді өкілі Н.Маликов Шу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқындағы «Ветеринарлық қызмет» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында еңбек ұжымымен кездесті. Кездесуде кандидат А.Таспиховтың тұғырнамасындағы көтерілген мәселелер баяндалып, әр қайсысының маңыздылығы жеке-жеке талқыланды. Бұл орайда бүгінгі күні олардың еңбек қоғамы мен еңбек адамы үшін өзектілігі айтылды.

Жиын соңында қырыққа жуық еңбек ұжымына үгіт материалдары таратылды.