Ауыл тұрғындарының кәсіподаққа қолдауы

ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың Жамбыл облысы бойынша сенімді өкілдері шалғайдағы ауылдарға барып сайлаушылармен кездесуде.
Аймақтық штаб жетекшісі М. Төлепберген Талас ауданында болды.

Ойық ауылында сайлаушылармен кездесіп, ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың өмір жолымен және сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды.
Ел ішіндегі мұндай әңгімеге жұрт разы көңілін білдірді. Сайлаушыларды құрметтеу деп ұғатынын айтты. 

Кәсіподақтың еңбек құндылықтары мен еңбек адамын қорғап, қолдаудағы қызметіне қолдау білдірді.

Кездесуге 100–ге жуық әртүрлі әлеуметтік топ өкілдері қатысты. Үгіт–насихат материалдары таратылды.