БАҚЫЛАУШЫЛАР ОҚЫТУ СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша бақылаушыларға арналған оқыту семинары өтті.

Семинарға бақылаушылардан 40 адам қатысты. Іс-шараны «Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары, штаб төрағасының орынбасары, үміткердің сенімді өкілі Серік Әуесханов ашып, семинар мақсатымен, бақылаушылардың немесе байқаушылардың құқығы мен міндеттері жайлы кіріспе сөз сөйлеп, негізгі семинар жұмысын жүргізу үшін сөз кезегін Бану Ордабаева Сансызбайқызына берді.

Әрі қарай бақылаушыларға арналған оқыту семинарын «YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының төрайымы, Шымкент қаласының учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Бану Ордабаева жүргізіп, бақылаушылардың немесе байқаушылардың құқығы мен міндеттері, олардың заң шеңберіндегі іс-әрекеттері туралы толық баяндама жасап, арнайы дайындалған слайдтармен түсіндіріп, бақылаушыларға арналған нұсқаулық пен әдістемелік құралдарын таратты. Семинар қатысушыларының сұрақтарына жауап беріп, тиісті түсініктемелер берілді.