Жастар кәсіподақпен бірге!

ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың Жамбыл облыстық аймақтық штабының «Келешек» жастар кеңесінің ұйымдастырумен, жас буын өкілдерінің белсенді атсалысуымен үгіт-насихат жұмыстары сайлауалды үгіт жұмыстары басталғалы бері күні бүгінге дейін жалғасын табуда.

Жамбыл облысының барлық аудандарымен, әсіресе Тараз қаласының саябақтары, скверлері, халық көп жүретін орындары, сонымен қатар халық жиналатын орындарда, Тараз қаласының базарларында және ірі-ірі сауда орындарында үгіт материалдары кеңінен таратылып халыққа жеткізілуде.