КЛИНИКАДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Сайлау қарсаңында үгіт-насихат шаралары да қыза түсті. Шымкент қаласындағы «Мурат-Дантист» жеке меншік тіс емдеу клиникасының дәрігерлерімен кездесу өтті. Жиынға жалпы 35 адам қатысты.

Клиникада 40 адам жұмыс жасайды, 35 тіс дәрігері, 5 жұмысшы. Кездесуді клиника президенті Әзбеков Мұрат Саруарұлы ашып, Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың бағдарламасымен таныстыру үшін «Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары, штаб төрағасының орынбасары, үміткердің сенімді өкілі Серік Әуесхановқа және «Сенім» денсаулық сақтау қызметкерлерінің Шымкент қаласы филиалының төрағасы, штаб мүшесі, үміткердің сенімді өкілі Ерқозы Батырбековке сөз берді.

Үміткердің сенімді өкілдері Серік Әуесханов және Ерқозы Батырбеков Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың өмірбаянымен, сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. Кандидаттың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, еңбек дауларының алдын алу, жазатайым оқиғаларды болдырмау, жалақысы төмен жұмысшылардың жалақысын көтеру, ұжымдық шарт жасасу сынды қоғамда маңызға ие мәселелерге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Кандидаттың еңбекті қорғау, еңбек дауларының алдын алу, жазатайым оқиғаларды болдырмау, жалақысы төмен жұмысшылардың жалақысын көтеру, ұжымдық шарт жасасу сынды қоғамда маңызға ие мәселелерге қатысты ұсыныстарын таныстырып шықты. Көпшілікті сайлауға белсене қатысуға шақырып, өз таңдауын жасауда сайлаушы құқын тиімді пайдалануға шақырды. Белсенділер кәсіподақтың қызметімен таныстырып шығып, бастауыш кәсіподақ ұйымын ашу қажеттігін, оның маңыздылығын түсіндірді.

Кездесуде дәрігер-стоматолог Самат Қарашаев бастауыш кәсіподақ ұйымын құруға көмек беруді сұрап, кәсіподақтан ұсынылған үміткерді қолдайтындықтарын білдіріп, сайлауға қатысу арқылы өз таңдауларын жасауға шақырды. «Сенім» денсаулық сақтау қызметкерлерінің Шымкент қаласы филиалының төрағасы Ерқозы Батырбеков клиниканың бастауыш кәсіподақ ұйымын құруға көмек беретінін жеткізді. Кандидат жақтаушылары сайлаушылар тарапынан түскен сауалдарға жауап беріп, ұсыныстарды үміткер назарына жеткізілетінін айтты.