КӘСІПОДАҚ – ЖҰМЫСКЕР ЖАҚТАУШЫСЫ

ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Шымкент қаласының қоғамдық аймақтық штабының өкілдері үгіт-насихат жұмыстарын қыздыра түсті. Шымкентте орналасқан қоғамдық көлік немесе жолаушылар тасымалымен айналысатын «ЯНС-2» ЖШС кәсіпорны ұжымының жұмыскерлерімен кездесу өтті. Жиынға 35 адам қатысты. Айта кетейік, кәсіпорында 67 адам жұмыс жасайды, оның 10 инженер-техник, механик, 2 медицина қызметкері, 5 диспетчер, 50 автобус жүргізушілері.

Бұл үлгілі жолаушылар тасымалымен айналысушы кәсіпорын және ол Шымкент-Тассай бағытындағы №44 маршрутта қызмет көрсетеді. Кездесу жиынын мекеменің директоры Ибрагим Мухамедов ашып, Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспиховтың бағдарламасымен таныстыру үшін «Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары, штаб төрағасының орынбасары, үміткердің сенімді өкілі Серік Әуесхановқа сөз берді. Сенімді өкіл Кандидат Таспиховтың еңбек жолы мен халық үшін жасаған қамқор істерін баяндап берді.

Штаб басшысы сайлаушыларды үміткердің сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып шықты. Берік Айдарбекұлы Кандидаттың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, еңбек дауларының алдын алу, жазатайым оқиғаларды болдырмау, жалақысы төмен жұмысшылардың жалақысын көтеру, ұжымдық шарт жасасу сынды қоғамда маңызға ие мәселелерге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Жиында көлік саласы салалық кәсіподақ төрағасы, штаб мүшесі және сенімді өкілі Али Мамедов, сондай-ақ Құрылыс және тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы, штаб мүшесі және сенімді өкілі Манахов Абдурайра да сөз алып, кандидат тұғырнамасындағы еңбекті қорғау, еңбек дауларының алдын алу, жазатайым оқиғаларды болдырмау, жалақысы төмен жұмысшылардың жалақысын көтеру, ұжымдық шарт жасасу сынды қоғамда маңызға ие мәселелерге қатысты ұсыныстарын таныстырып шықты.

Үгіт-насихат тобы жиналған азаматтарға еліміздегі ең жоғары лауазымға кандидат іріктеуде жауапты болуға шақырып, белсенділік танытуға шақырды. Кездесуге келгендер штаб мүшелеріне сұрақ қойып, тұшымды жауап алды.