Оңалту орталығында үгіт жалғасуда

Жамбыл облыстық «Ана мен баланы оңалту орталығында» бүгін, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың Жамбыл облыстық қоғамдық штаб мүшесі Г.Момбекова еңбек ұжымымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге қатысқан 30-дан аса ұжым мүшелеріне сенімді өкіл республикадағы ең үлкен қоғамдық ұйым – Кәсіподақтар Федерациясы ұсынған кандидат А.Таспиховтың алдағы сайлауға қандай мақсаттармен түсіп отырғанын, кандидаттың өмірбаянын және сайлауалды тұғырнамасындағы көтерілген мәселелерді баяндап, әр қайсысына жеке-жеке тоқтады және бүгінгі күнде олардың еңбек қоғамы мен еңбек адамы үшін өзектілігін айтты.

Жиын соңында сенімді өкіл еңбек ұжымын бірауыздан кандидат А.Таспиховты қолдауға шақырып, үгіт-насихат материалдарын таратты.