Сайлаушылармен кездесу науқаны белсенді өтуде

2019 жылдың 6 маусымы күні Батыс Қазақстан облысы аумағындағы Ақжайық шипажайында ҚР Кәсіподақтар Федерациясынан ҚР Президенттіггіне үміткер Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың сенімді өкілдері Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан келген демалушылармен және шипажай қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сенімді өкілдер Б.Имашев, Қ.Нұрланбаева сөз сөйлеп, А.Таспиховтың өмірбаянымен, сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, алдағы сайлауға жаппай қатысып, азаматтық белсенділік көрсетуге шақырды. Жиынға қатысушы шипажай қызметкерлері мен демалушылар үміткердің сайлауалды тұғырнамасына қолдау білдірді. Қатысушыларға үгіт-насихат материалдары таратылды.