Сайлау алдындағы штаб отырысы

Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінде ҚР Кәсіподақтар Федерациясынан алдағы Президент сайлауындағы кандидат А.Таспиховтың аймақтық қоғамдық штабының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер – сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының орындалу барысы және сайлау күні атқарылатын жұмыстарды пысықтау.

Жиынды ашқан Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М.Төлепберген бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстарды саралай келе, штаб құрамындағы сенімді өкілдермен сайлау күні жоспарланған жұмыстарды өз деңгейінде өткізу жайлы ой бөлісіп, нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, осы жиын барысында Кәсіподақтардан кандидат А.Таспиховты қолдау жұмысында беллсенділік танытқандары үшін сенімді өкілдерге Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақтар: теория және практика» атты құнды монографиясы сыйға тартылды.