Сенімді өкілдер білім беру қызметкерлерімен кездесті

5 маусым күні ҚР Кәсіподақтар Федерациясынан ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілдері БҚО білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы М.Даупаев, Г.Курмангазиева және Г.Хайырлиева Шыңғырлау ауданының білім беру ұйымдарының кәсіподақ белсенділерімен кездесті.

Білім беру қызметкерлерінің арасында өткізілген спартакиада барысында кандидаттың сенімді өкілі М.Даупаев қатысушыларды оның өмірбаяны мен еңбек жолымен таныстырды. Еңбек адамының мүддесі мен құқығын қорғау кәсіподақтың басты міндеті болса, кандидаттың сайлауалды тұғырнамасыда осы мақсатқа негізделгеніне баса көңіл аударды. Сонымен қатар, ауданның кәсіподақ мүшелерін алдағы өтетін сайлауға барлығы бір адамдай біріге қатысып, белсендік танытып, А.Таспиховты қолдауға шақырды.