СЕНІМДІ ӨКІЛДЕР КЕЗДЕСУДІ ЖЫЛЫЖАЙДА ӨТКІЗДІ

А.Таспиховтың жақтастары сайлауалды кездесулер ұйымдастыруда жаңаша, еркін форматтарды таңдауда. Мұндай сипаттағы кездесулер еңбек адамымен емен-жарқын, жүзбе-жүз кездесуге мүмкіндік береді.

Бүгін белсенділер Түркістан облысы Сайрам ауданының «Алжалил» жылыжай ауыл шаруашылығы кожалығында сайлаушылармен бас қосты. Жылыжай өкілдері бүгінде жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып, қызанақ, қияр егіп, отандық нарықты ауылшаруашылығы өнімдерімен қамтамассыз етіп отыр. Несібесін жерден іздеген еңбеккер қауыммен бүгін ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың Түркістан облысы бойынша сенімді өкілдері Тимур Жүнісов, Маргарита Сейдалиева кездестті.

30 адамның басын қосып, сайлауалды шарасын атқарды. Насихат шарасында үміткердің Түркістан облыстық және Шымкент қаласы , сенімді өкілі Тимур Жүнісов алдағы сайлаудың саяси маңыздылығына тоқталып, көпшілікке кандидаттың сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Қатысушылар кандидат тұғырнамасының бүгінгідей нарықтық экономика дамыған дәуірде өзекті екенін екшеп, еңбек адамдарының құқы мен мүддесін қорғау тұрғысындағы мәселелерге орай ойларын ортаға салды.

Басқосуға арнайы келген азаматтар Қазақстан кәсіподағының қызметін жандандыру жолындағы тың мүмкіндіктермен танысып, қолдау білдірді. Сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен ұжымдық шарттың әлеуметтік маңыздылығына ерекше ден қойды. Кәсіподақтардың ұстанып отырған көзқарастары мен нақты қадамдары сайлаушылар тарапынан қолдау табуына ниет білдірді. Шаруашылық кожалығынын басшысы Абдужалил Аманов еліміздегі ең ірі әрі ықпалды ұйым кәсіподақтың қызметіне ерекше тоқталып, ұйым мүшелерінің еңбеккер құқын қорғауда, мәртебесін ұлықтауда атқарып жатқан ауқымды жұмыстарына тәнті болды. Әріптестеріне алда келе жатқан сайлаудың маңыздылығын түсіндіріп, саяси додаға атсалысып, еліміздегі ең жоғары лауазымға кандидат таңдауда асқан жауапкершілік танытуға шақырды.