СЕНІМДІ ӨКІЛДЕР КӘСІПОДАҚ ҚАҒИДАЛАРЫНА СЕНІМДІ

ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ​ белсенді сенімді өкілдерінің бірі №249 мектептің психологы Қожахметова Айгерім Шынарбайқызы науқан басталғалы үгіт жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеді.

Ол Әйтеке би кентіндегі халық көп жиналатын сауда орындары мен кәсіпкерлік нысандарын аралап, үгіт-насихат материалдарын таратуды және баспа қағазын орналастыруды жалғастыруда. Айгерім Шынарбайқызының бүгінгі үгіт нысандарының бірі – «Нұршуақ» кенттен аудандарға, облыс орталығына қатынайтын үлкен сыйымды автобустардың тұрағы болды. Ол қоғамдағы кәсіподақтар рөлінің маңызды екендігін айтып, олардың жұмыс қағидаттары жайлы түсіндірмелер жасауда.