Құлсары тұрғындарымен кездесу

ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың Атырау облысы бойынша сенімді өкілдері Есет Өтеулиев, Майра Кашкенова қойнауы қара алтынға тұнған, жайлауы малға толған  құтты мекен – кешегі пір Бекет пен ауызымен құс тістеген Тінекейұлы Құлсары шешенді өмірге келген жер – киелі мекен Кең Жылыой ауданына барып сайлаушылар арасында үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

Құлсары қаласында сайлаушылармен кездесіп, ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың өмір жолымен және сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды.