Үгіт-насихат кездесулері жалғасуда

А.Таспиховтың сенімді өкілдерінің Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде орналасқан №210 орта мектеп ұжымымен кездесу өткізілді. ​

ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілі Серік Мырзаханов ​ мектеп ұжымына кәсіподақтардан ұсынылған кандидаттың өмірбаянын таныстырып, ​ сайлауалды тұғырнамасында көтерілген еңбек мәселелері бойынша түсіндірме жасады. Бюджеттік мекемелер қызметкерлерінің еңбек ақысын көтеру, сапалы білім алу туралы тұғырнамадағы кандидат ұсыныстары бойынша мектеп ұжымы оң пікірлерін білдірді. Кездесуде үгіт-насихат материалдарымен 20-дан астам адам қамтылды.