Үгіт науқанымен барлық сала қамтылуда

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясынан Президенттікке кандидат А.Таспиховтың аймақтық штаб өкілдері өңірдегі барлық саланың кәсіподақ ұйымдарын үгіт жұмыстарымен қамтып отыр. Солардың бірі ретінде бүгін, Жамбыл облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында және Жамбыл облысының ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінде еңбек ұжымдарымен сайлауалды үгіт кездесулері өтті.

Кездесу барысында аймақтық штабтың мүшесі, сенімді өкіл Н.Маликов кандидат А.Таспиховтың өмірбаянын және тұғырнамасында көтерілген мәселелерді еңбек ұжымдарының талқысына салды.

Сонымен қатар, аталған мәселелердің қазіргі таңда қаншалықты маңызды екеніне тоқталып, әріптестерімен пікір алмасты.

Ең бастысы, осы сайлауда өз кандидатымызды қолдай отырып, біз кәсіподақ мүшелері, яғни еңбек адамының бүгінгі проблемаларын көрсете аламыз деді, Н.Маликов сөз соңында.

Жиын барысында еңбек ұжымдарына кандидат А.Таспиховтың сайлауалды үгіт баспалары таратылып отырды.