ҮМІТКЕРДІ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

“Спорт – денсаулық кепілі”. Осындай атаумен ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штабының ұйымдастырыуымен веломарафон болып өтті. Спорттық жарысқа 40 велосипедші белсене қатысты.

Велошеру Шымкент қаласының Тәуелсіздік саябағынан бастау алып, Біркөлік шатқалына дейін жалғасты. Іс-шара соңына таяғанда жастар Біргөлік тауының шыңына ту тіккені сол еді, жауын нөсерлеп жауып, нұрын төгіп сала берді.

Тосын мінез танытқан күн райы «келешектіктерге» шабыт сыйлап, шерудің сәнін келдірді. Көпшілікке тамаша әсер сыйлаған спорттық бәсеке аясында “Келешек” жастар кеңесінің мүшелері, спортшылар және ерікті жастар үгіт-насихат қызу жұмыстарын жүргізді.

Белсенді топ осы аумақтағы Еңбекші ауылындағы үйлерді аралап, тұрғындарға алда келе жатқан сайлаудың маңыздылығын, ерекшеліктерін түсіндірді. Жұртшылықты саулауға белесене атсалысуға, дауыс беруде сайлаушы құқын тиімді пайдалануға шақырды. Сондай-ақ кандидат А.Таспиховтың тұғырнамасын түсіндіріп, ондағы еңбеккер құқы, жұмыскердің мәрбетесін көтерудегі үміткер ұстанымдарын жеткізді.