Ұстаздар қауымы кәсіподақтан кандидат Аманкелді Таспиховты қолдайды

Бүгін Сырдария ауданы №36 мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховты насихаттау мақсатында ұстаздармен кезекті кездесу өтті.

Қатысушылар кандидаттың өмірбаянымен танысып, А.Таспиховтың сайлауалды бағдарламасы баяндалды. Бағдарламада қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғаудың, еңбек қауіпсіздігі және еңбекке ақы төлеу мәселелері қамтылған. Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Райкүл Мансұрқызы елде өтетін Президент сайлауында белсенділік танытуға, кәсіподақтар кандидаты А.Таспиховты қолдауға шақырды.