АРАЛ БАЛЫҚ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Үгіт насихат науқанының соңғы күнінде үгіт шаралары жан-жақты күшейтілді. Қызылорда облыстық кәсіподақтары, кандидат Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері елді мекендерде, аудандарда, еңбек ұжымдарында кездесулерді үдетті.

Кандидаттың Қызылорда аймақтық штаб басшысы Серік Сағитжанұлы Сермағамбетов бүгін, 7 маусымда «Арал балық өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ​ жұмыскерлерімен кездесті. Серік Сағитжанұлы кәсіподақтардың ҚР Президенттігіне кандидат ұсынуы мақсаттары жайлы айта келе, кандидат Аманкелді Таспиховтың өмірбаянын, еңбек жолын, халық игілігі үшін жасаған қызметтері туралы баяндады. Жұмыскерлерге кандидат тұғырнамасындағы еңбек қатынастары бойынша басымдылықтар түсіндірілді. Кездесуде үгіт-насихат парақшалары таратылды. Еңбек ұжымында 60 жұмыскер еңбек етеді.