А.Таспиховтың сенімді өкілі еңбек ұжымымен кездесті

06 маусым күні ҚР Кәсіподақтар федерациясынан ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілі Б.Атауов Орал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы ұжымының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу мақсаты – ұжымның қызметкерлеріне кандидаттың сайлауалды тұғырнамасын толығырақ таныстыру, оның өмірбаяны мен еңбек жолы туралы баяндау. Кәсіподақтар Федерациясының атынан ұсынылған кандидаттың тұғырнамасы еңбек адамын қолдау мен оның мүдделерін білдіру, оған қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау екенін түсіндіру болатын.

Қатысушылар кандидаттың еңбек адамдарын қолдауға бағытталған бағдарламасына қолдау беріп, сайлауға қатысып, дауыс беретіндері туралы айтып өтті. Сайлаушыларға үгіт-насихат парақшалары үлестірілді.