Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясының бақылаушылары Республикалық қоғамдық штабтың жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық барысын бақылау мақсатында бүгін Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясының (ТҮРКПА) бақылаушылары ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың Республикалық қоғамдық штабының жұмысымен танысты.

Кездесуге ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының орынбасары, республикалық штабтың тең-жетекшісі Сатыбалды Дәулеталин, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық  қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Мирболат Жақыпов қатысты.

Бақылаушылар кандидат Аманкелді Таспиховтың сайлауалды үгіт-насихат бағдарламасының негізгі бағыттарымен танысты.

Республикалық штабтың тең-жетекшісі Сатыбалды Дәулеталин сайлауалды науқан аясында республикалық және аймақтық штабтардың жұмысы туралы, сонымен қатар ҚР Кәсіподақтар федерациясының атқарып жатқан қызметіне тоқталып өтті.

Кездесу соңында қос тарап сайлаудың әділ әрі ашық өтетініне сенім білдірді.