Үгіт шаралары өз мәресіне жетуде

Бүгін Павлодар облысы өңірлік қоғамдық штабының мобильдік үгіт тобы Павлодар облысында үгіт материалдарын тарату және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясынан кандидат Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспихов туралы ақпаратты қала тұрғындарының назарына жеткізу жұмыстарын қызу жалғастырып жатыр.

Президенттікке кандидат Аманкелді Таспиховты қолдаушы Павлодар облысының белсенді жастары 9 маусым күні өтетін Президент сайлауында азаматтық ұстанымды танытып, Кәсіподақтар федерациясынан үміткер Аманкелді Таспиховқа дауыс беруге шақырды.

Іс-шара барысында қала көшелерінде 110 буклет таратылды , сондай-ақ рұқсат етілген орындарда 85 плакат орналастырылды.