ҚР Кәсіподақтар Федерациясынан Президенттікке кандидат Аманкелді Таспихов Нұр-Сұлтан қаласында дауыс берді

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспихов Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының 111-ші сайлау учаскесінде дауыс берді.

Сайлау учаскесінде кандидатпен бірге оның жұбайы Эльмира Таспихова да дауыс берді. Сондай-ақ, республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі Бақытжан Әбдірайым және сенімді өкілдері қолдау көрсетті.

Дауыс беру барысында Аманкелді Таспихов, кандидаттың республикалық штабының өкілдері мен оның сенім білдірген адамдары сайлау процесіне белсенді қатысу үшін тең жағдайларды ерекше атап өтті.

Тілшілермен жүздесу барысында Аманкелді Таспихов жеңіске деген талпынысын білдірді.

– Халық алдында айтылған ұстанымдарға барлық жерде біз халықтың қолдауын сезіндік. Олар кәсіподақтардың бар екенін біледі және  кәсіподақтарға үміттенеді. Бұл бізге  сайлаушылар тарапынан көп дауыс жинауға  сенім ұялатады. Сондықтан да жақсы көңіл-күйдеміз, – деді кандидат тілшілерге берген сұхбатында.

Республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі Бақытжан Әбідрайым сайлау учаскелерінің жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті.

– Тұрғындар отбасымен бірге сайлауға дауыс беруге келіп жатыр. Барлығының  көңіл-күйлері көтеріңкі, менің ойымша, бүгін Қазақстанның әрбір азаматының  өз таңдауы бар, – деп атап өтті республикалық штабтың жетекшісі.