ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК – ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА ТРЕНДІ

 14 маусымда “Нұр-Сұлтан” қаласында “Кәсіподақтар үйінде” Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Оқу орталығы мен Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі арасында меморандумға қол қойылды.

Меморандум аясында  өзекті әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге бағытталған бірлескен білім беру және практикалық іс-шараларды іске асыру жоспарлануда. Әсіресе өндірісте жазатайым оқиғалар салдарынан мүгедек болған қызметкерлерді әлеуметтік жағынан қолдау, оларды жұмысқа орналастыру және оқыту қарастырылған.

Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл бизнестің бір түрі, оның басты идея-әлеуметтік мәселелерді шешу, адамдарға көмек көрсету. Таза қайырымдылыққа қарағанда мұнда бірлескен табыс табу үшін жобаның өзін-өзі ақтауы мен пайдалылығы идеясы маңызды. Әлеуметтік кәсіпкерлік Халықаралық Еңбек Ұйымының баяндамасына сәйкес ынтымақтастық экономикасы үшін негіз қалаушы фактор болып табылады.

Кәсіподақтар федерациясының оқу орталығының директоры Нұрлан Досымов: “кәсіподақтар үшін әлеуметтік кәсіпкерлік кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қорғаудың жаңа моделі бөлігіндегі табысты және перспективалық бағыттардың бірі болуы мүмкін»,- деп атап өтті.

Өз кезегінде “Green TAL” әлеуметтік шеберханасының негізін қалаушы және жаттықтырушы Эмин Аскеров ынтымақтастық үшін ҚР Кәсіподақтар федерациясына алғысын білдірді және өңірлерде кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешу үшін кәсіпкерлік дағдыларды алуға бағытталған бірлескен тренингтер ұйымдастыруды ұсынды.