Өзекті мәселелер талқыланған жиын өтті

2019 жылдың 17 маусымында Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар Орталығында облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы А.Таспиховтың төрағалығымен жиын өтті. Жиынға облыстағы кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, белсенділері және ағымдағы жылдың 9 маусымында өткен сайлауалды үгіт насихат жұмыстарын жүргізген сенімді өкілдер мен бақылаушылар қатысты.

Күн тәртібінде төраға 2019 жылдың 12 маусымында өткен ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Бас кеңесінде көтерілген мәселелерге тоқталып өтті. Атап айтқанда, елімізде 9 маусым күні өткізілген кезектен тыс ҚР Президенттігіне сайлаудың нәтижелері, ҚР Кәсіподақтар Федерациясы атынан Президентке жасалған Үндеу, Кәсіподақтар Орталығының Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Кәсіподақтар Федерациясының ең жоғарғы марапаты «Кәсіподақ даңқы» ордені туралы ақпараттар берілді.

Сонымен қатар, отырыс барысында А.Таспихов сайлауалды үгіт насихат жұмыстарымен Батыс Қазақстан облысы бойынша белсенді айналысқан штаб жұмысшыларына, сенімді өкілдерге, бақылаушылар мен белсенділерге ризашылығын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.