Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы Үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді

Аталған жиынға салалық кәсіподақ басшылары және Келешек жастар кеңесінің мүшелері қатысты. Үйлестіру кеңесінде Б.Бекжанов 2019 жылғы 12 маусымда өткен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесі отырысында қаралған мәселелер бойынша толық баяндап, Кәсіподақтар Федерациясы Қазақстан Республикасының президентіне Үндеу жолдағанын, салалық кәсіподақтардың Үндеуді бірауыздан қолдағаны жөнінде хабардар етті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының президентін ұлықтау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің дамуына үлес қосатын 10 бағытты айқындағанын мәлімдеп, төртінші бағытта көрсетілген «Жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту» мәселелерінде Мемлекет басшысының саясатын қолдау қажеттігін айта келе , жүйелі жоспар бекітуді тапсырды.