Кәсіподақ мүшелері бір күндік еңбекақысын Арыста зардап шеккендер қорына аударды

Бүгін 25 маусым күні «Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар орталығы» АКБ Түркістан облысы Арыс қаласындағы орын алған төтенше жағдайға байланысты ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Үндеуіне қолдау көрсетіп, Үйлестіру кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізді.

Кезектен тыс отырысқа қатысқан Үйлестіру кеңесінің мүшелері, облыстағы салалық және жергілікті кәсіподақтардың мүшелері мен Кәсіподақтар орталығының қызметкерлері төтенше жағдайдан зардап шеккен Арыс тұрғындарына бір күндік жалақыларын аудару туралы қаулы қабылдады.