КӘСІПОДАҚ ЖӘНЕ ЖАСТАР

27 маусымда ​ Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі​ мен Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды.

Меморандумға қол қою рәсімі шарасына облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өкілдері, салалық кәсіподақ төрғалары, облыстық кәсіподақтардың Жастар кеңесі төрағасы, салалық Жастар кеңесі белсенділері, ​ мекеменің қызметкерлері мен басшылық құрамы, БАҚ өкілдері қатысты.

Сырдарияның сол жағалауында орналасқан Жастар орталығы облыс жастарына аймақ басшысы Қ.Көшербаев қолдауымен Жастар жылы аясында ашылып, мамыр айында пайдалануға берілген. Орталықта IT-park, антикафе, интернет, кітапхана, жаттығу залы қарастырылған және тәулік бойы жұмыс істейді.

Орталықтағы жиын барысында аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Серік Сағитжанұлы Сермағамбетов ​ облыс жастары игілігіне ​ берілген заманауи ғимаратта орналасқан орталықтың ашылуымен қызметкерлерді құттықтап, орталық жұмысына сәттілік тіледі. Серік Сағитжанұлы елімізде Жастар Жылы аясындағы ​ жастарға берілген мүмкіндіктерге тоқтала отырып, кәсіподақтар қозғалысындағы жастар саясаты мақсаты мен міндеттері, атқарып жатқан жұмыстары туралы сөз қозғады. ​ Облыс кәсіподағы төрағасымен 50-ден аса қызметкерлер жұмыс жасайтын Жастар орталығында жаңадан құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы Алмас Нұрмағамбетовке Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақтар: Теория және тәжірибе» монологиясы табысталды.

Облыстық Жастар ресурстық орталығы директоры Абылайхан Сабанбаев орталық жұмыстары туралы ақпараттарымен бөлісті.

​ Шара соңында Облыстық Кәсіподақтар Орталығы мен Жастар орталығы ​ ​ тараптары еңбекші жастардың еңбек–әлеуметтік мәселелері бойынша жүйелі өзара іс-қимыл мен конструктивті ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатындағы Меморандумға қол қойды.