Салалық кәсіподақтың жылдық қорытындысы тыңдалды

Ақтөбе облысы Кәсіподақтар Орталығында мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық комитетінің 2019 жылдың I жарты жылдығының қорытындысы тыңдалды.

 Кеңейтілген отырысқа Кәсіподақтар Орталығы төрағасының міндетін атқарушы Ж.Ақбергенов, аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері қатысты.

 Жиналыста Ақтөбе облыстық комитетінің 2019 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстары» және «Қобда аудандық кәсіподақ комитетінің жұмысы және ауданның еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік әріптестік туралы» Қобда аудандық кәсіподақ комитетінің баяндамалары тыңдалды.

 Кәсіподақтар Орталығы төрағасының міндетін атқарушы Ж.Ақбергенов сөз алып, Кәсіподақтар Федерацисымен оның мүшелік ұйымдарының жасалып жатқан жұмыстары, әлеуметтік-еңбек және кәсіби мүдделерін қорғауға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға бағытталған жұмыстары туралы қысқаша баяндап кетіп, Кәсіподақтар Орталығы атынан белсенді аудан кәсіподақ төрағаларына алғыс хаттар табыс етті.

 Сондай-ақ Қобда аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Кустуртоваға Орталық комитеттің «Кәсіподақ қайраткері» төсбелгісі салтанатты түрде табысталды. Айта кету керек, осы «Кәсіподақ қайраткері» төсбелгісімен республикада алғаш болып салалық кәсіподақтың Ақтөбе облыстық комитетінің төрағасы М.Сағындықова марапатталды.