ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАРДЫҢ СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ ӨТТІ

Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз. Сондықтан Елбасы Жарлығыммен 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланды. Бұл – мемлекет тарапынан өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды қадам. Біз бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткізіп, Ұлы дала төсінде әлем мойындаған мемлекет құрдық.

Жүзеге асырылып жатқанбарлық игі шаралардың бәрі де егемен еліміздің болашағы – жастар үшін жасалып отырғаны бесенеден белгілі жәйт. Жастар жылының аясында Шымкент қаласында республикалық жұмысшы жастардың семинар-тренингі өтті болып өтті. Республика аумағын қамтыған келелі шараны «Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен «Құрылыс комплексі және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі өкілдері ұйымдастырды. Өсмкелең ұрпақ үшін маңызджы шараға «Сала кәсіподағын жаңғыртудағы жастардың прогрессивті рөлі» деген атау беріліп, айдар тағылды.

Берері мол, тағлымы зор жиынның ашылуына «Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрғасы Берік Бекжанов, «Құрылыс комплексі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құсейін Есенғазин, «Түркістан облысы құрылыс комплексі және ТҮКШ салалық кәсіподағының» төрағасы Абдурайра Манапов, Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Нұрдәулет Тәңірбергенов қатысып, сөз сөйледі.

Республикалық шараға еліміздің Нұр-сұлтан, Алматы, Қызылорда, Тараз, Түркістан қалалаларынан келген белсенді жастар қатысты. Семинар-тренингтің мақсаты – елдің дамуы үшін үлесі зор, әл-қуаты мықты жастарға қолдау білдіру, олардың білім-танымын жетілдіру, елдің өркендеуі үшін маңызды жобаларға атсалысуына бағыт-бағдар беріп, оларды қорғауға мұрындық болу болып табылады. Сондай-ақ ертеңгі буынның еліміздегі ең ірі ұйым кәсіподақ ұйымының өркендеп, дамуына атсалысуға үндеу де шараның діттеген мақсаттарынан саналады.

Шара барысында ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі WLP тренерлерінің жаһандық Дүниежүзілік желісінің мүшесі, Адам ресурстары жөніндегі сарапшы, «Қазақстанның үздік сарапшы – мотиваторы» Гүлзи Нәби жастарға арнайы дәріс өтті. Тәжірибелі мамандар жастардың азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал етіп, ел ертеңі үшін ерінбей еңбек етуге, мемлекетіміздің экономикалық-әлеуметтік саласының өркендеп дамуына сеп болатын тың жобаларды қолға алуына бағыт-бағдар берді. Түрлі тақырыптарға өткен сұқбаттасулар жастардың көшбасшылық қабылетінің арта түсуіне жол ашып, жас буынның қоғамда ойып тұрып орын алуына, ел дамуына қолғабыс жасауына бағытталды. Жастар шара аясында түрлі тақарыптар аясында ой-пікір алмасып, диалог алаңын қыздыра түсті. Екі күнге жалғасатын шара қорытындысында қай тақырыпта да ой жарыстыра алған, өз көзқарасы мен ұстанымына берік белсенді жастар марапатталып, мақтауларға ие болады.