Әлеуметтік әріптестік аясында

19 шілде күні Қызылорда облыстық әлеуметтік әріптестік​ пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысында төменгі денгейде жалақы алатын қызметкерлердің жалақыларын көтеру бойынша атқарылған жұмыстар туралы , 2017-2025 жылдарға арналған қызметкерлердің ағынынын басқару Жол Карталарын қабылдау және оның орындалуы, кәсіпорындардың көп балалы, аз қамтылған отбасылы қызметкерлерге әлеуметтік көмектер көрсетуі туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі төменгі жалақы алатын жұмыскерлердің жалақысын көтеру мәселесі бойынша Қызылорда облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Марат Бәйімбетов кәсіподақтар бастамасымен Ұжымдық шарттарға толықтырулар мен өзгерістер енгізу жұмыстарының жүргізілуі туралы хабарлама жасап практика жүзінде кездесетін проблемалық мәселерді көтеріп бір-неше ұсынстар жасалды.

Сонымен қатар, облыстық үшжақты комиссиясының отырысы қарауына ұсынылған ​ ​ «СНПС – Ай Дан Мұнай» АҚ-ның еңбек ұжымындағы әлеуметтік-еңбек​ ахуалы​ туралы мәселе бойынша облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы басшысы Ертілеу Жалғасбаевтың хабарламасы тыңдалып, талқыланды.​ Мәселе бойынша облыстық кәсіподақтар мен салалық кәсіподақтардың пікірлерінде еңбек-әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығы мақсатында кәсіпорындағы екі кәсіподақ ұйымының жұмыстарын біріктіру мен біртараптандыру қажеттілігі жеткізілді. Отырыс барысында өз кезегінде кәсіпорын басшылығы еңбек ұжымының шиеленіссіз жұмыс атқару жағдайын жасау бағытындағы тиісті шараларды тез арада қабылдайтындықтары жайлы мәлімдеді.