Құрылыс комплексі және тұрғын-үй коммуналдық шарушылығы қызметкерлерінің кәсіподағы және Түркістан облысы филиалының ұйымдастыруымен «Jan’a esim» жобасы аясында «Кәсіподақты жаңғыртудағы жастардың прогрессивті рөлі» атты семинар-тренинг Шымкент қаласында өтті. Семинар-тренингке Шымкент, Түркістан, Тараз, Алматы және Қызылорда қалаларынан салалық кәсіподаққа мүше жас көшбасшылары қатысты.
Аталған семинар-тренинг осыған дейін «Jan’a esim» жобасы аясында Батыс өңірлері үшін Атырау қаласында, Солтүстік және Шығыс өңірлері үшін – Қарағанды қаласында өткізілген. Семинар-тренинг барасында қатысушылар жоба жазуды және оны жүргізуді үйреніп, қазан айына дейін өз жұмыс орынында жобаны жүзеге асыру тапсырылды. Ең үздік жобалар комиссияның шешімі бойынша, желтоқсан айының 6-шы жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Jan’a esim» жастар шеруінде марапатталатын болады. Сонымен қатар салалық кәсіподақтың үздіктері және жобаны өз деңгейінде жүзеге асырған қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталады.
Айта кетейік, Шымкент қаласында семинар ерекше форматта жүзеге асты. Сертификатты марапаттау салтанаты ашық аспан астында, Оңтүстік өңірдің керек табиғаты бейнесінде өтті. Қатысушылар семинар аясында «Домалақ ана» кесенесін, қалалық демалыс саябағын және т.б. көрнекті орындарды аралады. Барлық қатысушыларға Шымкент филиалының атынан естелік сыйлықтар мен сертификаттар тапсырылды.