Кәсіподақтар федерациясында бірінші жартыжылдық қорытындыланды және алдағы мақсат-міндеттер айқындалды

ҚР Кәсіподақтар федерациясында ҚРКФ Төрағасы Бақытжан Әбдірайымның төрағалығымен 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс барысына арналған кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті.

Кәсіподақтар жұмысын қорытындылай келе, ҚРКФ басшысы «2018-2019 жылдарға арналған ҚР Кәсіподақтар федерациясын жаңғырту жол картасының» басты міндеттерін жүзеге асыру барысына тоқталды. Осы карта негізінде әлеуметтік әділдікті насихаттау, жұмыскерлердің құқығын қорғау, сондай-ақ, әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша іс-шаралар атқарылды.

Қазақстан кәсіподақтары тарихында айрықша оқиға ағымдағы жылғы маусымда өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан үміткердің қатысқандығы атап өтілді.

Бақытжан Әбдірайым осы бастама кәсіподақ қызметінің тиімділігін арттыруға және нығайтуға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Еңбек дауларының алдын-алу және шешу, еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау өткізу және еңбек ұжымдарында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөлін арттыру мәселелерінде кәсіподақтардың жетістіктеріне баса назар аударылды.

Кәсіподақтар жұмысының маңызды нәтижесі 2019 жылғы 17 маусымда Женева қаласында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (ХӘҚҚ) арасында «Нөлдік жарақаттанушылық» тұжырымдамасын алға бастыру бойынша өзара түсінушілік және әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.

Осының барлығы ҚРКФ 2018 жылды Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ұранымен өткізу, «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасын, «Еңбекті қорғау саласында алдын-алу мәдениетін бірге арттырамыз» республикалық акциясын, «ҚРКФ еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» байқауын жүзеге асыру, сондай-ақ, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша өндірістік кеңестердің санын арттыру бойынша қарқынды жұмыстардың жемісті нәтижесі болып табылады.

Бүгінде кәсіпорындарда 14792 өндірістік кеңес құрылып, жұмыс істеуде. Олардың 79,4 %-ы кәсіподақтардың бастамасымен жүзеге асырылды. Бұл мәселеде қоғамдық бақылауды кәсіподақтардан 18 мың техникалық инспектор жүзеге асырады.

Қолға алынған шаралар өндірісте зардап шеккендер санын 6,6%-ға (1678-ден 1568-ге), соның ішінде өлімге алып келген жағдайларды 11,5%-ға (244-тен 216-ға) бәсеңдетті. Кәсіподақтар федерациясының белсенді қатысуымен 2019-2023 жылдарға арналған ҚР өндірістік жарақаттанушылықты және қауіпті еңбек шарттары бар жұмыс орындарын азайту жол картасы бекітілді.

ҚРКФ ұсыныстарын ескере отырып, ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 29 мамырдағы қаулысымен әлеуметтік шиеленісушіліктің алдын-алу және әлеуметтік-еңбек дауларын шешу бойынша кешенді жоспар бекітілді. Сонымен қатар, кәсіподақтар жұмысшылардың әлеуметтік шарттарын жақсартуға жіті көңіл бөледі.

Осылайша, әлеуметтік әріптестік аясында республика кәсіпорындарында бекітілген ұжымдық шарттар саны 92 645 дейін немесе 16,1 пайызға дейін артты.

Әлеуметтік-еңбек саласын жақсартуда маңызды қадам кәсіподақтардың нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге қатысуы болып табылады.

Кәсіподақтар федерациясы Үкіметке ХЕҰ ұсыныстарын жүзеге асыру бойынша Еңбек кодексіне, «Кәсіптік одақтар туралы» заңға ұсыныстар, сонымен қатар, Қазақстанда қарыз еңбекті реттеу бойынша ұсыныстар енгізді, бүгінде ҚР Парламентінің қарауына ұсынылды.

Қорытындысында Бақытжан Әбдірайым еңбеккерлердің құқығы мен мүддесін тиімді қорғауды арттыру бойынша бірқатар міндеттерді атап көрсетті және әріптестерін кәсіподақ қызметін жақсартуға бағытталған жұмыстарға белсене қатысуға шақырды.

 

ҚР Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі