Пошта қызметкерлері салалық кәсіподағы Қызылорда облыстық филиалының есептік-сайлау Конференциясы өтті

Бүгін Пошта қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Қызылорда облыстық филиалының есептік-сайлау Конференциясы өтті.​ Конференция жұмысына салалық кәсіподақтың Атқару комитеті мүшесі, пошта байланысы жұмыскерлері Жамбыл облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбілқасым Жұмабеков, Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов, «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалы директоры Аида Әбибуллаева, кәсіподақ ұйымы бөлімдерінен сайланған Конференция делегаттары, кәсіподақ ұйымы белсенділері қатысты.

Конференция барысында салалық кәсіподақтың Қызылорда облыстық ұйымы төрағасы Айдарбек Жүнісов кәсіподақ ұйымымен атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді. ​ ​ Есептік ақпаратқа қатысты Конференция қатысушылары өз пікірлерін білдіріп, кәсіподақ ұйымы жұмысына қажетті жүйелі өзгерістер туралы ойларын ортаға салды.

Кәсіподақ ұйымының жұмысына баға беріліп, аймақтағы ​ пошта қызметкерлерінің кәсіподақ құрылымдарының ұсынысына және кәсіподақ ұйымдарының есеп берулер мен сайлауларды өткізу жөніндегі талаптарына сәйкес Пошта қызметкерлері кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалы төрағасы А.Жүнісов денсаулығына байланысты төрағалықтан босату жөнінде өтініш білдіріп, кәсіподақ мүшелерімен Айгүл Темірбекованың кандидатурасы ұсынылды.

Конференция делегаттарының қолдауымен Айгүл Темірбекова аталған кәсіподақ ұйымының төрайымы болып сайланды. Айгүл Жалғасбекқызы Темірбекова – 03.06.1980 жылы Қызылорда облысында дүнеге келген, «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалында 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды, мекемедегі жұмыс өтілінің алғашқы күндерінен бастап кәсіподақ ұйымының мүшесі, белсендісі ретінде өзін таныта білген, ұжым алдында беделді қызметкер.
Айгүл Темірбековаға салалық кәсіподақтың орталық комитеті өкілі Ә.Жұмабеков, «ҚазПошта»АҚ ҚФ басшысы А.Әбибуллаева өз сенімдерін білдірді.

Аймақтағы пошта салалық кәсіподағының жаңа көшбасшысына құттықтау сөзінде Марат Бәйімбетов сала бойынша кәсіподақ қозғалысындағы белсенділікті арттыру, жұмыскерлердің еңбек-әлеуметтік мәселелері бойынша бірқатар жұмыстарды жандандыру қажеттілігі туралы айтып, алдағы жауапты жұмысқа сәттілік тіледі.