Ақтөбеге жұмыс сапарымен құрылыс комплексі және ТКШ жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы келді

Ақтөбе облысы Кәсіподақтар Орталығының төрағасы А.Әмірғалиев құрылыс комплексі және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы К.Есенгазинмен кездесіп, бірге салалық кәсіподтың құрамына мүшелік ұйым болып кіретін «Трансэнерго» және «Ақбұлақ» ірі кәсіпорындарына барды.

 Сапар барысында аталған кәсіпорындардың басшыларымен кәсіподақ төрағаларымен кездесіп, әлеуметтік әріптестік мәселелері,  ұжымдық шарт талаптарын орындау, еңбек ақы деңгейі және қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.  

 «Трансэнерго» және «Ақбұлақ» кәсіпорындары Ақтөбенің жылу мен ыстық  суды жеткізуші-бас операторы болып табылып, бұл мекемелерде 2000-нан астам адам жұмыс жасайды.

 Ертең құрылыс комплексі және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы К.Есенгазин Ақтөбе филиалының есеп беру-сайлау конференциясына қатысатын болады.