МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМ МҮДДЕСІ ҮШІН!

Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің құқықтық комиссиясы “Азаматтарға қылмыстық қол сұғушылықтан халықты қорғауды қамтамасыз ету аясында құқық қорғау органдарының жұмыс жағдайы туралы” мәселені қарауға дайындықты бастады.

“2019 жылдың 1 тамызына мемлекеттік органдардан екі ондықтан астам өтініш келіп түсті, 25 қорытынды берілді”, – деп баяндады отырыста Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облыстық Кәсіподақ орталығының төрағасы Болат Жұмабеков.

Қарастырылып отырған сұрақ бойынша өз пікірлерін облыстың Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Любовь Багирова, комиссия мүшелері, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері салалық кәсіподағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ноян Бидайбаев, «Ақжол» ҚДП Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ермек Абильдин, Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Кульпеисов, Қарағанды облысы Полиция департаментінің ЖПҚБ бастығының орынбасары Евгений Абишев білдірді.

Құқықтық комиссия мүшелері ағымдағы жылдың тамыз және қыркүйек айларында Қарағанды облысы аумағында азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтарын құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан сенімді қорғау мәселелеріндегі істердің жағдайын зерделеуді жоспарлап отыр.

Қарағанды облысы Полиция департаменті және оның аймақтық басқармалары органдары қызметкерлерінің жұмысын жақсарту жөніндегі ұсыныстарды, тілектерді, сондай-ақ ескертулерді 2019 жылғы 4 қыркүйектен кешіктірмей Қарағанды облысы Қоғамдық Кеңесінің құқықтық комиссиясына келесі электрондық мекенжайларға жіберуге болады.: profcentr_kr@mail.ru және osko.2018@yandex.kz