«ProfBookClub» кітапқұмарлар клубы өз жұмысын бастайды

Құрметті достар!

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесі және Оқу орталығының ұйымдастыруымен «ProfBookClub» кітапқұмарлар клубының ашылғандығын хабарлаймыз.

«ProfBookClub» – бұл,

– қызықты адамдармен әңгімелесу;

– қызықты әдебиеттер туралы талқылау;

– кітаптар алмасу;

– өз идеяларыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік алаңы.

«ProfBookClub» клубының кездесуі әр аптаның жұма күні, еркін форматта өтеді. Клубтың ережесі: өзіңіз бірге оқыған бір кітабыңызды алып келу. Біздің қонақтар – танымал қоғам қайраткерлері, эксперттер, ғалымдар, кәсіпкелер мен блогерлер және басқалары.

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Абай даңғылы, 38, Оқу орталығының залы.

Бірінші кездесу 9 тамыз күні сағат 17:00-де.

Ақпарат үшін: 20-10-90.

Тематика: «Өміріңіздің өзгеруіне септігін тигізген кітап!»