Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайымның Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Ардақты ағайын, құрметті достар!

Қасиетті Құрбан Айт мерекесі құтты болсын!

Құрбан айт – бірлік пен игіліктің, жақсылық пен қайырымдылықтың, жомарттық пен кешірімділіктің мерекесі. Адамдардың ізгі ниеттерін оятып, бірлікке бастайтын, барша мұсылман баласы үшін мәні мен орны ерекше бұл мерекеде әр адам ізгілікті амалдар жасауға, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады.

«Береке бастауы – бірлік» қағидасын ұстанған еліміздің бейбіт аспанындағы татулық пен ауызбіршілік мәңгі болсын!

Осынау Қасиетті мейрамда баршаңызға зор денсаулық, бақыт, қуаныш пен толағай табыстар тілеймін! Шаңырақтарыңыз құт-береке мен ырыс-ынтымаққа толсын!

Шалған құрбандықтарыңыз, жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!

 

Құрметпен,

Бақытжан Әбдірайым

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы