ҚазАқпарат: “Бақытжан Әбдірайым Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған эстафетаны жалғастырды “

Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған челленджге қатысып, ақын шығармашылығынан үзінді оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бақытжан Әбдірайым бұл эстафетаны профессор, мемлекеттік және қоғам қайраткері Бақберген Досманбетовтан қабыл алды.

«Мен үшін ақын шығармашылығына арналған эстафетаға қатысу – үлкен абырой. Ұлы ойшыл шығармашылығынан ойып тұрып орын алған еңбек, еңбексүйгіштік және әділдік мәселелері бүгінде Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының басты назарында», – деп атап өтті ол.

Бақытжан Әбдірайым эстафета кезегін ҚР Кәсіподақтар федерациясы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесінің белсенді еңбекші жастарына және «Теңізшевройл» компаниясының еңбек құқықтарын сақтау, жұмысшылардың денсаулығын қорғауды және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде көрсеткен әлеуметтік жауапкершілігін жоғары бағалай отырып, компанияның Бас директоры Имер Боннер ханымға жолдады.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.

https://www.inform.kz/kz/bakytzhan-abdirayym-abay-kunanbaevtyn-175-zhyldygyna-arnalgan-estafetany-zhalgastyrdy_a3555192